Білім беру саласында 1,6 трлн теңгеден астам қызмет көрсетілді

346

2026 жылдың І тоқсанында білім беру саласының басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Білім беру саласында 1,6 трлн теңгеден астам қызмет көрсетілді Фото: zhukvesti.ru

2026 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы білім беру ұйымдары көрсеткен қызмет көлемі 1 606 626,7 млн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаржыландыру құрылымында бюджет қаражаты 82,2%, халық қаражаты 16,1%, ал кәсіпорындар қаражаты 1,7% үлесті иеленді.

Қызмет көлемінің ең үлкен бөлігі негізгі және жалпы орта білім беру саласына тиесілі болып, 899 558,6 млн теңге немесе жалпы көлемнің 56,0% құрады. Одан кейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 244 317,5 млн теңге, яғни 15,2%, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 178 714,7 млн теңге немесе 11,1%.

Ең төмен көрсеткіштер білім беру саласындағы қосалқы қызметтерде 17 848,6 млн теңге, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау ұйымдарында 1 245,4 млн теңге және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 67,7 млн теңге тіркелді.

Меншік құрылымы бойынша қызметтердің 74,6% мемлекеттік ұйымдарға, 24,7% жекеменшік ұйымдарға, 0,8% шетелдік ұйымдарға тиесілі болды.

Кәсіпорын көлемі бойынша көрсетілген қызметтердің 47,9% шағын, 37,1% орта, 15,1% ірі кәсіпорындарға тиесілі.

Шағын кәсіпорындар – 769 052,5 млн теңге, орта кәсіпорындар – 595 313,9 млн теңге, ірі кәсіпорындар – 242 260,2 млн теңге мөлшерін құрады.

Сонымен қатар интернет арқылы көрсетілген білім беру қызметтерінің көлемі 8 361,2 млн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу