Білім беру саласында ең аз жалақыны кімдер алады?

15028

Ең көп жалақыны орта білім беру саласының қызметкерлері алады.

Білім беру саласында ең аз жалақыны кімдер алады?

Ең аз жалақыны мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері алады (147,3 мың тг). Бастауыш білім беру саласындағы орташа жалақы 243,5 мың теңгені, жоғары білім беру саласында 323,1 мың теңгені құрайды. Ең көп жалақыны орта білім беру саласының қызметкерлері алады (343,5 мың тг), деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде білім беру саласындағы орташа айлық жалақы 293,3 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 25,4%-ға артық. 

Республика бойынша ең жоғарғы жалақыны Нұр-Сұлтан қаласының (414 мың тг) білім беру саласының қызметкерлері алады. Бұдан бөлек Елордадағы жалақы елдегі орташа көрсеткіштен 41,1%-ға көп екендігін айта кету керек. Үштіктер қатарында Алматы қаласы (335,7 мың тг) мен Маңғыстау облысы (326,2 мың тг) бар. 20 өңірдің тек алтауында ғана жалақы елдегі орташа жалақыдан жоғары.

2022 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,1 млн адамға жеткен. Бұл былтырғы жылға қарағанда 1,4%-ға артық.

Жұмыспен қамтылғандардың басым көпшілігі Түркістан облысында (144,5 мың адам) тұрады. Бұдан бөлек білім беру саласындағы қызметкерлердің саны жөнінен Алматы қаласы (99 мың адам) мен Алматы облысы (80,6 мың адам) үздік үштік қатарына енеді.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының білім беру саласында 14,4 мың адам жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу