Білім беру саласындағы қызметкерлерге арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді

708

 Оқу орындарының түлектері ақы төленетін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат ала алады.

Білім беру саласындағы қызметкерлерге арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді

15 тамызда елордалық "Жастар" сарайында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді, деп қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды.

Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарын 100-ге жуық жұмыс беруші ұсынады. Іс-шара сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Республика даңғылы 34 мекен-жайы бойынша орналасқан "Жастар" сарайының фойесінде өтпек. Оқу орындарының түлектері ақы төленетін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат ала алады.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілердің алдын-ала әңгімелесуден өтуге, түйіндеме толтырып, оны жұмыс берушілерге қалдырып кетуге мүмкіндіктері болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу