Білім беру саласындағы қызметтердің көлемі артты

538

Олардың басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. 

Білім беру саласындағы қызметтердің көлемі артты

2020 жылдың бірінші жарты жылдағында білім беру саласындағы қызметтердің көлемі 92,1 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. 

Көрсеткіш 2019 жылғыдан 10,3% -ға көп. Былтыр қаңтар және маусым айларында осы секторда көрсетілген қызмет көлемі 12,9%-ға өсіп, 83,5 млрд теңгеге жеткен еді. 

Биылғы қызметтердің үштен бірі Алматы қаласына тиесілі: 33,6 млрд теңге, яғни 2019 жылғыдан 17,7%-ға артты. Төрттен бірі Нұр-Сұлтан қаласының (21,3 млрд теңге), ал 6,7% Қарағанды облысының еншісінде. 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдан бастап отандық жоғарғы оқу орындарының түлектеріне дипломмен қоса жаңартылған қосымша құжат (Diploma Supplement) беріледі. Бұл қазақстандық түлектердің біліктілігі шет елдерде мойындалады дегенді білдіреді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу