"Осы бағдарлама балалармен жұмыс істейтін барлық педагогтардың әдістемелік тірегі болады. Балалар арасындағы жәбірлеу мәселесі олардың дамуына үлкен қауіп төндіреді. Халықаралық тәжірибені зерделеу барысында Финляндияның Kiva деп аталатын балалар арасында жәбірлеудің алдын алу бағдарламасының тиімділігі байқалды. KiVa - ол буллингпен күрес бойынша инновациялық, нәтижелері жоғары бағдарлама. Бағдарлама жұмыс істеген 10 жыл ішінде фин елінде балалар буллингінің көрсеткіштері 4 есе төмендеген. Бұл тәжірибе еліміздің білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып зерделенеді", - деп жазылған "Ашық" НҚА порталында.