Білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау басталды

1449

Жаңа директорларға білім беру сапасын арттыру және кадрларды даярлауды күшейту міндеті қойылды.

Білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау басталды

Қазақстанда алғаш рет білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші болып Ақтөбе облысындағы 4 колледждің директорлары қайта тағайындалған: Ақтөбе жоғары полия және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі. Шешімді мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау жөніндегі комиссия қабылдады.

"Өткен жылы министрлік мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау ережелерін бекітті. Бұған дейін ауқымды жұмыс атқарылды. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Биыл біз мектептер мен колледждердің директорларын ротациялауды бастадық. Бір ұйымда 15-20 және одан да көп жыл жұмыс істейтін менеджерлер бар. Бұл уақыт ішінде олардың тиімділігі төмендейді. Ротацияның оң әсерлері туралы осыған дейін де айтылды. Мысалы, бұл бірден бірнеше білім беру ұйымында тиімді басқарушылардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, егер адам көп жылдар бойы бір ұйымды басқарса ондай мәселе туындауы мүмкін", – деді бірінші вице-министр Шолпан Каринова.

Ереже бойынша ротация бір білім беру ұйымында 4-7 жыл жұмыс істейтін балабақшалардың, мектептердің, колледждердің директорларына қолданылады. Бұл ретте бір білім беру ұйымында 4 жыл қызмет атқаратын бірінші басшы ротациядан бас тарта алады. Бірақ егер директор 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады.

Айта кетейік, өңірлердің білім басқармалары білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды бір елді мекен ішінде жүргізеді. 

Сонымен қатар қайта тағайындау бір типтегі ұйымдардың басшылары арасында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, ротация кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу