Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша кешенді мониторинг басталды

860

Мониторингтің мақсаты – мектептердің оқу жылына дайындығының жай-күйін анықтау, оқушылардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына жағдай тудыру. 

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша кешенді мониторинг басталды Фото: Вести образования

Жаңа оқу жылының қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі барлық мектептердің дайындығына кешенді мониторинг жүргізді.

Оқу нысандарын аралау кезінде Министрлік өкілдері мектептердің қазіргі ахуалына, ресурстарына және білім саласындағы НҚА талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Мониторинг нәтижесінде 68 мектепте жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқталмайтындығы анықталды. Бұл Ақтөбе (12), Алматы (10), Атырау (10), Ақмола (7), Түркістан (5), Жамбыл (5), Қостанай (3), Батыс-Қазақстан (2), Солтүстік-Қазақстан (4), Шығыс-Қазақстан (2), Қарағанды (1), Абай (1), Ұлытау (1) облыстары және  Алматы қаласы (5).

Әкімдіктерге оқу жылы басталғанға дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді. Мердігер ұйымдар басталған жұмысты белгіленген мерзімде аяқтамаған жағдайда білім басқармалары оқу процесін ұйымдастыру және оқушыларды білім беру ұйымына және үйлеріне тасымалдауды ұйымдастыру үшін уақытша білім алу орындарын айқындайды.

Айта кетерлігі, министрлік білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының барысын күн сайын қадағалап отырады. Бұл мониторинг балаларымыздың сапалы білім алуының, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын арттырудың негізгі құралы болып табылады.

Осы жылдың тамыз айының соңында министрлік кезекті мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де  жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу