Білім беру жетістіктерін мониторингілеу жүйесі енгізілмек

1277

Өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өтуді еңбек өтіліне ескеру ұсынылды.  

Білім беру жетістіктерін мониторингілеу жүйесі енгізілмек Фото: sputniknews.kz

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Осы тақырыпта баяндама жасаған депутат Әбдіманап Бектұрғанов құқықтық номада бірқатар өзекті мәселелерді шешу ұсынылғанын айтады. Оның сөзінше өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өтуді еңбек өтіліне ескеру, мемлекеттік тапсырыспен білім алғандар оқу кезеңін ғана өтеу сынды өзгерістер бар.  

"Білім беру саласындағы уәкілетті органға техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту бойынша құзырет беру ұсынылады. Мәселен, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрлар даярлау мемлекеттік тапсырыс жұмыспен қамту органдарының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып орналастырылады. Бұл мемлекеттік тапсырысты беру және оны орналастыру кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Мәжіліс депутаты. 

Бұған қоса ол базалық білімді тексеруге бағатталған арнайы жүйе енгізуді ұсынды. 

"Білім алушының базалық білімін тексеру үшін білім беруді сырттай бағалаудың "Білім беру жетістіктерінің мониторингі" атты жаңа моделін енгізу арқылы шешу ұсынылады. Халықаралық тәжірибеде бұған үлкен мән беріледі. Бұл білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Әбдіманап Бектұрғанов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу