Білім гранттарын бөлуге бөгде адамдар араласа алмайды

1531

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (ЦАРКА) өкілдері білім беру гранттарын бөлу рәсімін тексеріп, өз қорытындысын шығарды.  

Білім гранттарын бөлуге бөгде адамдар араласа алмайды

ҚР білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" бакалавриат және магистратура бойынша білім беру гранттарын бөлуге жауап беретін ақпараттық жүйенің бастапқы кодтарын ЦАРКА мамандарына тексеруге берген болатын, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

Тексеру нәтижелері бойынша, гранттарды бөлу үрдісіне бөтен адам араласа алмайтындығы анықталды. Аталған тексеру гранттарды бөлудің жарияланған нәтижелері бағдарлама берген деректермен толық сәйкес келетінін көрсетті. Осылайша, гранттарды бөлу туралы деректер тізімдер жасалған сәттен бастап нәтижелер жарияланған сәтке дейін өз тұтастығы мен құпиялылығын сақтап қалған деп сеніммен айтуға болады.

ЦАРКА мамандары тізімдерді қалыптастыруға жауап беретін ақпараттық жүйеге бөгде адамдар араласпаған деген қорытындыға келді. Айта кеткен жөн, аталған тексеру жұмыстары барысында 76 009 қатысушы арасында 58 126 грантты тағайындау үрдісі тексерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу