Білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды. Құжаттар шілденің 20-на дейін емес, 25-не дейін қабылданады, деп хабарлайды Atameken Business.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер Egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы:
- белгіленген нысандағы бланкідегі өтініш;
- білімі туралы құжат;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсыру керек.
Ал медициналық анықтама уақытша талап етілмейді.
Карантин шараларының күшейтілгеніне байланысты құжаттар электронды қабылданады.
Фото: egov.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу