Білім гранттарының 20 пайызы су тасқыны болған өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді

221

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер қатарына Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, СҚО және Қостанай облысы жатады.

Білім гранттарының 20 пайызы су тасқыны болған өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді Фото: canva.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі білім гранттары конкурсына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Талапкер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі бар. Осылайша, ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатысуға болады. 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетсек, тасқын су басқан аймақтардағы түлектерден грант конкурсына құжаттар 13-24 шілде аралығында қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу