Білім гранттарының иегерлері қашан белгілі болады

419

Биыл мемлекеттік гранттар конкурсына шамамен 127 мың талапкер өтініш берген. 

Білім гранттарының иегерлері қашан белгілі болады Фото: opennews.kz

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім грантына ие болған талапкерлердің тізімі қашан және қай жерде жарияланатынын мәлімдеді,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін белгілі болады.

Грант иегерлерінің ресми тізімі төмендегі ақпарат көздерінде жарияланады:

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми парақшалары:

Facebook;
Instagram;
ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшалары:

Telegram;
Facebook;
Instagram.

Биыл мемлекеттік гранттар конкурсына шамамен 127 мың талапкер өтініш берген. Ең көп сұраныс IT технологиялар, педагогика, сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына түскен.

Конкурс қорытындысы жарияланғаннан кейін талапкерлер 2026 жылғы 25 тамызға дейін өздері таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжаттарының түпнұсқасын тапсыруы қажет. Осыдан кейін ғана олар оқу орнына ресми түрде қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу