Білім гранттарының құны артады

798

Мұндай ұсынысты білім және ғылым министрлігі Үкіметке ұсынды.

Білім гранттарының құны артады

Үкімет отырысында білім және ғылым саласын дамыту мәселелері қаралды.
Ведомство басшысының айтуынша, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік білім беру грантының құнын ұлғайту қарастырылған. 

"Бұл жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен жоғары білім беру қызметкерлерінің жалақысын айтарлықтай арттыруға, әлеуметтік пакеттер ұсынуға, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын, сондай-ақ олардың кадрлық әлеуетін жаңартып, нығайтуға мүмкіндік береді. Осының арқасында профессор-оқытушылар құрамын сапалы білімге ынталандыру, жоғары оқу орындары қызметкерлерін кәсіби дамыту көзделіп отыр", – делінген Білім және ғылыми министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Грант құнының артуы әлеуметтің осал топтарына қиындық туғызбауы керек. Ол үшін жергілікті әкімдіктер жұмыс берушілер есебінен оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін гранттар санын арттыруға тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу