Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқыған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін келісімшарттық міндеттемелерін орындап, заңнамада белгіленген мерзімде жұмыспен өтеуі тиіс.
Мысалы, "Серпін" жобасы бойынша білім алғандар кадр тапшылығы бар өңірлерде 2 жыл жұмыс істеуі қажет.
Ал педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алғандар жұмыспен өтеуді тиісті сала ұйымдарында, ал ауыл квотасы бойынша грант алғандар ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария және аграрлық ұйымдарда жүзеге асырады.
2026 жылдың 25 тамызынан бастап авиациялық мамандықтар бойынша жұмыспен өтеу мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, PhD докторлары үшін жұмыспен өтеуге болатын ұйымдардың тізімі кеңейтілді.