Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Atameken Business.
Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады. Біріншісі eGov арқылы, бейне нұсқаулықтар министрліктің желідегі парақшасында көрсетілген. Соңғысы жоғарғы оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы. Яғни, талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұраққа жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу