Білім күні елімізде 80-нен аса жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Мұндай сүйінші жаңалықты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. 

Білім күні елімізде 80-нен аса жаңа мектеп пайдалануға беріледі Фото: gov.kz

Одан бөлек Қазақстанда 267 мың орынға арналған 232 мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– 1 қыркүйекте 115 мың оқушыға арналған 83 жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін 140 мың орынға арналған 111 мектептің құрылысы аяқталады, – деді еліміздің бас ұстазы.

Сондай-ақ, осы жылы 190 мың оқушы оқитын 245 мектепті жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, оның 145-і ауыл мектебі болса, 100-і қала мектебі. Ал 1 қыркүйекте 99 мың оқушыға арналған 127 мектепте реновация аяқталмақ. Бұл жұмыстарды уақытылы әрі сапалы жүргізу – әкімдіктердің жауапкершілігіндегі мәселе. Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта Алматы, Атырау және Абай облыстарында жұмыстар күшейтуді қажет етіп отыр. 

– 2025 жылы 69 мыңнан астам оқушы білім алатын 1 мың ауыл мектебін модернизациялау жоспарланған. Қазіргі кезде бұл жоспар 733 мектепте немесе 73,3%-ға орындалды. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында модернизациялау жоспарының толық орындалмау оқиғалары кездеседі, – деді Ғани Бейсембаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу