Білім күнінде 11 мыңнан астам полицей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен

516

Әр оқу орнына екі полиция қызметкері және полиция департаменттері мен бөлімдерінің басшылығынан жауапты адамдар бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Білім күнінде 11 мыңнан астам полицей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен Фото: sputnik.kz

"Патруль нарядтары мектептерге мүмкіндігінше жақын жерлерде болды. Жалпы қоғамдық тәртіпті қорғауға 11 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды (қалаларда – 5518, аудандарда - 5908). Білім күні қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Сонымен қатар кешкі және түнгі уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу