Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры қызметіне Әбдірахманова Нәзира Қабдоллақызы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Назира Әбдірахманова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Көкшетау облысында педагог болып бастап, 2002 - 2014 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінде түрлі лауазым атқарды.
2014-2018 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы "Жамбыл ауданының білім бөлімі" ММ басшысы; 2018-2020 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті балалар мен ересектерге арналған тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы; 2020-2022 жылдары Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің мектепке дейінгі, орта, арнайы және инклюзивті білім беруді күтіп ұстау және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болды.
2022 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
2022 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Оқу-ағарту министрлігі орта білім Комитетінің білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарды.