Білім министрінің бұйрығымен оқушының үй тапсырмасы қысқарды

1417

Білім министрінің бұйрығымен оқушының үй тапсырмасы қысқарды

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен оқушының үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

2017 жылдың 24 сәуірінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев №182 бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекітті.

Қазақстан мектептерінің тарихында алғаш рет бейінді ведомстволық деңгейде еліміздің оқушыларының үй тапсырмасын мөлшерлеу әдістемесін қамтитын құжат қабылданды. Біз әдістемелік нұсқау оқушының оқу жүктемесін төмендететін, олардың өзіндік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу