Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім және ғылым министрлінің көмекшісі ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғанын анықтады.
Ол қызметтік лауазымын пайдаланып студенттерге жазғы білім беретін стартап-мектепті ұйымдастыруға арналған 11 млн теңгені алаяқтық жолмен ұрлады деген күдік тағылып отыр.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша қамау изоляторына қамауға алынған.
Күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның айыптылығының деңгейін анықтай отырып, сот белгілейтін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу