Білім және ғылым министрлігі 2, 5 және 7-сыныптарда оқытылатын пәндерді іріктеді. Мазмұны жаңартылған оқулықтарды пәндік комиссия талдап, таразылады, деп хабарлайды 24.kz.
Сарапшылар құрамында білікті 126 маман бар. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде министрлік өкілдері мәлімдеді. Пәндік комиссия 12 баспа ұсынған 197 оқулықты егжей-тегжейлі тексеріп, оның 130-ын іріктеуден өткізген.
Алдағы аптада бұл оқулықтар білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланады. Кез-келген ата-ана, мұғалім, маман осы пәндердің мазмұнымен танысып, өз ұсынысын енгізе алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу