Білім беру орталығының басшысы ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке автокөлік сыйлады

385

"Зерделі" мектептерінің негізін қалаушы, математик Ырысбек Мәуіт түлекке Zeekr автокөлігін сыйлады.  

Білім беру орталығының басшысы ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке автокөлік сыйлады Фото: instagram.com/zerdeli.astana

Ырысбек Мәуіт Жанайым Рашиттің "Зерделі" мектептерінде оқығанын, білім ошағындағы басқа түлектерге де мотивация болсын деген ниетпен осындай сый жасағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Зерделі" білім беру орталығы тағы бір жетістікке қол жеткізді. Орталықтың үздік оқушыларының бірі Жанайым Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 140 балл жинап, еліміздің үздік түлектерінің қатарынан көрінді", – делінген білім беру орталығы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, күні кеше Астана қалалық білім басқармасы Жанайымның ұлттық тестілеуден үздік нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Жанайым Рашит ҰБТ-да таңдау пәндері ретінде "Дүниежүзі тарихы" мен "Ағылшын тілін" таңдаған. Жас түлек "Халықаралық қатынастар" мамандығына қызығушылық танытып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу