Білім саласы корпоративті басқару жүйесіне көшеді

1350

Министр бір мекемені 20 жылдан астам уақыт басқарып отырған басшылар бар екенін айтты. 

Білім саласы корпоративті басқару жүйесіне көшеді

"2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысады. Аудандық білім бөлімдері облыстан қаржыландырылатын болады", – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстыру барысында. 

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, білім саласында 20 жылдан астам уақыт бір мекемені басқарып отырған басшылар бар. Бұл басқару менеджментіне кері әсер етеді. 
"Балабақша, мектеп, колледж директорларын жаңа жүйе бойынша тағайындаймыз. Алдағы уақытта ротациялау арқылы ауыстыру жүйесін қолданамыз. Білім саласы дербес басқарудан корпоративті басқаруға көшеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу