Білім саласына бөлінген 2,5 миллиард теңге игерілмеген

1125

Білім саласына бөлінген 2,5 миллиард теңге игерілмеген

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша білім саласына бөлінген қаржының 2,5 млрд-ы игерілмей отыр. Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Үкіметте өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша ағымдағы жылы саладағы жобаларды жүзеге асыруға Ұлттық қордан 71,7 млрд теңге аударылған. Оның 26,5 млрд-ы өткен жылы салына басталған 53 мектептің құрылысын аяқтауға жұмсалса, 45,2 млрд теңгесі 56 жаңа оқу орындарын салуға бағытталған. Алайда, еліміздің 7 өңірі, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік бағдарламамен бой көтереді деп жоспарланған мектептер мен балабақшалар салынбаған.

Бибігүл Асылова, ҚР білім және ғылым вице-министрі:

"Оның себебі мемлекеттік сатылымдардың үнемделуі. Сондай-ақ мердігерлердің орындалған жұмыстардың актісін ұсынбауы мен конкурстық процедураларға шағымдардың молдығы әсер етіп отыр. Осы жылдың соңына дейін 70 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу