Білім саласындағы былықтан мемлекетке 17 млрд теңге залал келген

656

Антикор бұл өзекті мәселенің бірі екенін мойындап отыр.

Білім саласындағы былықтан мемлекетке 17 млрд теңге залал келген Фото: freepik.com

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналист спикерге "Антикор жариялайтын ақпараттардан ұстаздар, мектеп әкімшілігі бюджет қаржысын жиі жымқыратынын естиміз. Бізде бюджет "тесік" пе, әлде заң әлсіз бе? Заң бұзғандар неге заңнан қорықпайды?" деп сұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың сөзінше, бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі. 

"Соңғы екі жылда, атап айтқанда 2022-2023 жылдары білім саласын терең зерттей бастағанда мемлекетке 17 млрд теңге залал келгені анықталды. Бұл – қомақты қаражат. Біз агенттіктің әлеуметтік парақшасында, баспасөз қызметі арқылы Талдықорғанда білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас есепші, бірнеше мектеп директоры 4 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғанын жаздық. Ұстау барысында көлікте 1 млрд теңгеге жуық ақша болған. Осыған ұқсас фактілер өзге өңірлерде де анықталды", - деді Сарқұлов.

Айта кету керек, биылғы шілде айында Талдықорған қаласы білім бөлімінің лауазымды тұлғалары сотталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу