Білім саласындағы жемқорлыққа қашан тоқтау болады?

192

Салада қылмыстық іс көп тіркелген, алайда көрсеткіш азайып келеді. 

Білім саласындағы жемқорлыққа қашан тоқтау болады? Фото: shutterstock

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова орта білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұғалімдердің айлығын төлеуде жемқорлыққа жол берген заңсыздықтарды, бухгалтердің заңсыз әрекеттерін ауыздықтау үшін бүгінде Сыбайлас жемқорлық агенттігі, Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктер өте қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Әрине, біз қолдаймыз. Оны ауыздықтау қажет. Заңды да қолдаймыз. Орта білім саласында мұғалімдердің жалақысындағы заңсыздықтарға жол бермес үшін қандай нормалар қарастырылған? Комплаенс қызметін орта білім саласында білім басқармаларында, орта мектептерде, жалпы білім ұйымдарына енгізу механизмі қарастырылған ба?", – деп сұрады Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің пленарлы отырысында.

Депутат орта білім саласындағы бухгалтерлердің заңсыз әрекетіне байланысты қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр ма деп нақтылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, Президент 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық жемқорлықты жоюға қатысты нақты тапсырма берген.

"Білім саласында қылмыстық іс көп болды. 2024 жылмен салыстырғанда көрсеткіш азайып келеді. Біз әкімдікпен, жауапты министрлікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Қазір профилактикалық жұмыс жүргізіліп, әртүрлі шара қолданудамыз. Заңның төртінші бөлігінде осы сұрақтар көзделген", – деп жауап берді агенттік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу