Білім туралы Заңда оқушылар мен ұстаздар қауіпсіздігі туралы бір ауыз сөз жоқ – сенатор

Нұртөре Жүсіп депутаттық сауалында қазіргі таңда білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін сынға алды. 

Білім туралы Заңда оқушылар мен ұстаздар қауіпсіздігі туралы бір ауыз сөз жоқ – сенатор Фото: Liter.kz

Оның айтуынша, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарау керек.

"Көп сатылы кешенді қауіпсіздік жүйесін жасауды күн тәртібіне шығару керек. Әлем елдерінде мұндай тәжірибелер бар. Қай ел болсын бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарайды", - деді сенатор.

Депутат "Білім туралы" Заңда оқушылар мен ұстаздардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бір ауыз сөз жоқтығына да алаңдаушылық білдірді.

"Білім беру мекемелерінде криминалдық және террористік сипаттағы қауіп-қатерден қорғайтын, оқу орындарындағы оқушыларды, мұғалімдер мен қосалқы персоналды сақтауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау жөнінде шұғыл кешенді шаралар қабылдауды сұраймыз", – деп қорытындылады депутаттық сауалық Нұртөре Жүсіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу