Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің дерегіне сүйенсек, өңірдегі 8 колледж бен 139 мектеп және 218 балабақша тиісті талаптарға сай екенін дәлелдей алмаған. Сырттай жүргізілген бағалау кезінде білім мен тәрбие ұйымдарының былтырғы жылғы есептеріне талдау жасалған.
Оқу жоспарынан бастап, білім нысандарының қажетті техникалық базамен қамтамасыз етілуі де сараланған. Алайда, 365 білім ұйымының тек 15 пайызының ғана талапқа сай екені анықталды. Қалғанына кемшіліктерді жою үшін 1 айдан 1 жылға дейін мерзім берілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу