Білім вице-министрі қызметінен босатылды

1568

Фатима Жақыпова басқа қызметке ауысқан. 

Білім вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан білім вице-министрі  Фатима Жақыпованың қызметінен босатылғанын хабарлады. Бұл туралы Ерболат Мұхамеджан өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде",– деп жазды министрдің кеңесшісі.

Еске сала кетсек, 7 қараша күні сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат дауына байланысы бар екенін айтып, Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу