Мәжіліс депутаттары бірқатар министрдің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін басқара бермек. Ал Дәурен Абаев қайта құрылған ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тізгінін ұстады.
Күләш Шәмшиденова білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл ведомстваны Ерлан Сағадиев басқарған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу