Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерін жекеменшікке беруді қолдай ма?

1130

Ведомство осыған қатыстытүсініктее беріп, хабарлама таратты.  

Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерін жекеменшікке беруді қолдай ма?

Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерін жекеменшікке беруді қолдамайды. Ведомство Алматыдағы музыка мектептерінің жекеменшікке берілетіні жайлы тараған ақпаратқа қатысты осылай жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ол ұйымдарда балалар қосымша білім алып жатыр. Сондықтан шығармашылық бағытындағы үйірмеге балаларын қатыстырып жатқан ата-аналар мен сонда жұмыс істейтін педагогтердің бұл мәселе төңірегіндегі алаңдаушылығын түсінуге болады. Керісінше, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын дамыту қажет. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасы бойынша қосымша жаңа объектілерді салу және іске қосу мақсатында бизнес өкілдерін тарту қажет",– деп хабарлама таратты министрлік.

Сондай-ақ хабарламада "Білім туралы" Заңға биыл енгізілген түзетулер еске салынған. Соның негізінде әкімдіктер балалардың жекеменшік қосымша білім беру орталықтарында үйірмелер мен секцияларға қатыса алуы үшін мемлекеттік тапсырыс арқылы жағдай жасай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу