Білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр – Қасым-Жомарт Тоқаев

2348

Мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр – Қасым-Жомарт Тоқаев  Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Үкімет жоғары оқу орындары үшін бөлінетін мемлекеттік гранттарды нарықтың нақты қажеттілігімен тығыз байланыстыруды қамтамасыз етуге  тиіс. Жыл сайын бөлінетін 50 мыңға жуық грант тиісті мамандықтарға деген сұраныспен сәйкес келе бермейді. Бюджет ақшасы босқа жұмсалады. Менің тапсырмама сәйкес, үкімет сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. Алайда кейбір университеттер жабу процесін бір жарым жылға дейін созып, әртүрлі процедуралық әрекеттерге баруда. Білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр", – деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Басқосу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жоғарыдағы мәселеге қатысты шара қабылдауды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының академиялық адалдықты бұзғаны мен лицензиядан айрылғаны үшін жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. 
"Сапалы білім беретін жоғары оқу орындарын жан-жақты нығайту қажет. Орнықты дамуды, инклюзивтілікті және білім беру теңдігін қамтамасыз ету үшін 15 базалық өңірлік жоғары оқу орнын түбегейлі жаңғырту керек. Олар таланттарды тартудың өңірлік орталығына айналуға тиіс. Үкіметтен әкімдіктермен бірлесіп, 1 шілдеге дейін қаржыландыру тәсілі, кезеңі мен көлемі бар жол картасын енгізуді сұраймын", – деді Мемлекет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу