Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

1961

ҚР Президентінің өкімімен Сәрсембаев Қанат Маратұлы ҚР білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Қанат Сәрсембаев Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн екi шет тiлiнде халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша тамамдаған, заң ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылдан "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгерi, қызметiнен бастады.

2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кiрiстер министрлiгiнiң Заң департаментi құқықтық сараптама басқармасының құқықтық мәселелер және құқықтық түсiндiрулер жөнiндегi даулар бөлiмiнiң бас маманы болып еңбек еттi.

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Заң шығару және құқықтық сараптама бөлiмiнiң бас сарапшысы болды.

2005-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесi құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi болып еңбек еттi.

2011-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы болып жұмыс iстедi.

2015 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қазанына дейiн Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкiмi болып қызмет еттi.

2017 жылдың қазанынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу