Білімде шекара жоқ, болмауға да тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

291

Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді.

Білімде шекара жоқ, болмауға да тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ғылым – тұтас адамзаттың игілігіне қызмет ететін теңдессіз құндылық. 

"Сондықтан білімде шекара жоқ, болмауға да тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді. Бұл ретте еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан университет басшыларына, ғалымдарға, оқытушыларға және барша әріптестерімізге тағы да алғыс айтамын. Алдағы уақытта да бірлесіп көптеген озық бастамаларды жүзеге асырып, өзара пайдалы байланыстарымызды жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу