Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек – Нұрлан Нығматулин

973

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгін бірінші оқылымда мақұлданған  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қатысты пікір білдірді. 

Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек – Нұрлан Нығматулин Фото: Мария Матвиенко

Спикер заң жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларға басқалармен бірдей сапалы білім алуға жол ашатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Білімді дамыту, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек. Себебі олар ұлтымыздың, еліміздің болашағы", – деді Нұрлан Нығматулин. 

Мәжіліс төрағасы заң жобасында қарастырылған маңызды мәселерге назар аударды. 

"Енді, инклюзивті білім беруге заманға сай стандарт енгізіледі. Құжатта ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тұрғылықты жері ескерілді. Сонымен бірге балалардың мәртебесі заң деңгейінде толық және нақты реттелді. Заң жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларға басқалармен бірдей сапалы білім алуға, осы саланы білікті мамандармен қамтамасыз етуге, инклюзивті білімді жоғары деңгейде ұйымдастыруға жол ашады", – деді Нұрлан Нығматулин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу