Білімге көңіл бөлмейтін ЖОО-ларға қатаң шара қолдану керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

1280

Мемлекет басшысы Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының басталу салтанатына қатысты.

Білімге көңіл бөлмейтін ЖОО-ларға қатаң шара қолдану керек – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіретін университеттерге қатысты қатаң шаралар қолдануды тапсырды.

"Тек дипломды басып шығарып, білімге көңіл бөлмейтін жоғары оқу орындарына қатаң шаралар қабылдану керек. Мұндайлар бүкіл білім беру жүйесіне деген сенімге селкеу түсіруде, яғни бұл мемлекеттің беделіне де нұқсан келеді",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол елімізде ашық университет ашу жұмысын жалғастыру керектігін айтты.

"Жастардың қашықтықтан оқуға деген сұранысы артып келеді. Технологияның қарыштап дамуы жағдайында Елбасының әр өңірде мықты университет не жоғарғы деңгейдегі екі колледж ашу идеясы бірқатар түйткілдің шешілуіне септігін тигізеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу