"Білімнің жұлдызы": Астаналық оқушы халықаралық білім додасында жеңімпаз атанды

195

Жарысқа әлемнің әр елінен келген оқушылар сынға түсті.

"Білімнің жұлдызы": Астаналық оқушы халықаралық білім додасында жеңімпаз атанды Фото: www.astana-akshamy.kz

Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Саулебек Алидан халықаралық аренада Қазақстанның атын асқақтатты. Бұл туралы dauletten парақшасында жазылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша Америка Құрама Штаттарының Хьюстон қаласында өткен беделді Халықаралық жаһандық COPERNICUS олимпиадасында жас дарын абсолютті 1-орынды жеңіп алды.

Олимпиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушылар қатысып, өздерінің физика, химия, биология, география сынды ғылымдардағы терең білімдерін көрсетті.

Қатты бәсекелестікке қарамастан, астаналық оқушы өзінің үздік білімін дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу