Билл Гейтс 50 миллиард долларын қайырымдылыққа жұмсаған

1022

Билл Гейтс 50 миллиард долларын қайырымдылыққа жұмсаған

Билл Гейтс Microsoft компаниясының 64 млн акциясы түрінде $4,6 млрд қайырымдылыққа жұмсайды. Бұл оның 2000 жылдан бергі қайырымдылыққа қосқан ең үлкен үлесі, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қаражат 6 шілдеде аударылған. Алайда оның кімге берілгені айтылмайды. Гейтс 1999 жылы қайырымдылыққа ірі көлемде қаржы жұмсаған еді. Онда ол Microsoft акциясы түрінде $16 млрд, бір жылдан кейін $5,1 млрд бөлген болатын.
Оның әйелі екеуі ашқан қайырымдылық қоры арқылы 1994 жылдан бері $50 млрд қайырымдылыққа жұмсаған. Билл Гейтстің әлемдегі ең қалталы адам екені белгілі Оның байлығы $90 млрд құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу