Билл Гейтс әлемге жаңа қауіп төніп тұрғанын айтты

917

Microsoft компаниясының негізін қалаушы, америкалық кәсіпкер, миллиардер Билл Гейтс әлемге жаңа қауіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы The Financial Times басылымына сілтеме жасап.  

Билл Гейтс әлемге жаңа қауіп төніп тұрғанын айтты

Оның пікірінше, бұл қауіптен қорғану үшін көп инвестиция керек.

Билл Гейтс келесі пандемияны қорқынышты болатынын, оған әлем дайын болу керегін атап өтті. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) білікті мамандардың командасын жинау керек деген пікірде. 

Америкалық кәсіпкер жаңа қауіппен күресуге шамамен 1 млрд доллар қажет екенін жеткізді. Алайда Билл Гейтс әлем елдері ДДҰ-ны қаржыландыруды ұлғайтуға келісетініне сенімді емес екенін айтты. Бірақ ол денсаулық ақшадан қымбат екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2015 жылы Билл Гейтс әлем жаңа пандемияға дайын емес екенін мәлімдеген, ал 2020 жылы әлемде коронавирус пандемиясы басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу