Билл Гейтс бүкіл байлығын қайырымдылыққа жұмсамақ

199

Америкалық миллиардер Билл Гейтс өзінің байлығын алдағы 20 жыл ішінде қайырымдылыққа жұмсамақ.  

Билл Гейтс бүкіл байлығын қайырымдылыққа жұмсамақ Фото: haqqin.az

Бұл туралы ол өзінің жеке блогында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол соңғы уақытта кәсіпкер Эндрю Карнегидің "Байлықта өлетін адам масқара болып өледі" деген сөзін жиі ой елегінен өткізгенін айтты. Осыдан кейін Гейтс қоғамға көмекті бастапқыда жоспарлағанынан әлдеқайда ерте және көбірек жасауды жөн көрген.

– Сондықтан мен ақшамды қоғамға бастапқыда жоспарлағаннан әлдеқайда тез қайтаруды шештім. Алдағы 20 жыл ішінде мен бар байлығымды Гейтс қоры арқылы бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін құтқару және жақсарту мақсатында жұмсаймын, – деп жазды Microsoft компаниясының негізін қалаушы.

Билл Гейтс өз мәлімдемесінде қордың жұмысы 2045 жылдың 31 желтоқсанында, яғни бұған дейін белгіленген мерзімнен ертерек аяқталатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу