Билл Гейтс қайтадан ең бай адам атанды

858

Ал Джефф Безос екінші орынға түсіп кетті. 

Билл Гейтс қайтадан ең бай адам атанды

Соңғы екі жыл бойы ең ауқатты адамдар тізімінде Безос көш бастап келген еді. Енді ол екінші орында. 

Bloomberg дерегі бойынша, Гейтстің қазіргі активтерінің бағасы 110 млрд доллар. Ал Amazon.com Inc басшысыныкі 109 млрд долларға жеткен. 

Айта кететін жайт,  Безос әйелімен ажырасқаннан кейін, байлығының біраз бөлігінен, нақтырақ айтқанда 16,2 млрд долларынан айырылып қалды. Оның бұрынғы әйелі Маккензи Безоста 35 млрд доллар бар. 

Гейтс компаниясының акцияларының құны жыл басынан бері 48%-ға артып, ол 19,5 млрд долларға байи түскен. 

Миллиардерлер рейтингінде үшінші орында - француз магнаты Бернар Арно. Ол биыл 34,1 млрд доллар өндіріп, байлығы 103 млрд долларға жеткен. 

Төртінші орынға Berkshire Hathaway Inc. инвестициялық компаниясының басшысы Уоррен Баффет жайғасты. Ол 2019 жылы 2,79 млрд доллардай пайдаға кенеліп, активтерінің құны 86,6 млрд доллар болды. 

Ал Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг ($74,5 млрд) бесінші орынға табан тіреді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу