Билл Гейтс коронавирус жұқтырды

574

Жақында Билл және Мелинда Гейтс қоры мүшелерінің жиналысы басталады.

Билл Гейтс коронавирус жұқтырды

Microsoft корпорациясының негізін қалаған америкалық миллиардер Билл Гейтс коронавирус дертіне шалдықты. Бұл туралы кәсіпкер өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Covid тесті оң нәтиже көрсетті. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесі бойынша емделіп жатырмын, сауығып кетпейінше оқшауланамын. Мен вакцинаның үдеткіш дозасын алған болатынмын. Дертті анықтау тестінің және сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуы да жағдайды жеңілдетеді, – деді кәсіпкер.

Ол соңғы екі жыл ішінде алғаш рет Билл және Мелинда Гейтс қоры мүшелерінің жиналысы басталатынын айтты.

"Біз серіктестерімізбен жұмысты жалғастырып, пандемияны тоқтату үшін қолдан келгенді жасаймыз", – деді Гейтс.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу