Егер коронавирустың қауіпті түрі пайда болмаса, COVID-19 пандемиясы 2022 жылдың ортасына қарай аяқталады. Microsoft корпорациясының негізін қалаған Билл Гейтс осындай болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Гейтстің айтуынша, 2022 жылдың ортасына қарай вакцинация, табиғи иммунитет және жаңа препараттардың пайда болуы жағдайында вирусты жұқтыру мен дерттен қаза табу деңгейі күрт төмендеуі мүмкін.
Сонымен қатар Гейтс келесі жылы коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізу мәселесі шешіледі деген пікірде. Америкалық миллиардер әлемдік қауымдастықты осы орайда белсендірек жұмыс істеуге, жаңа пандемияны болдырмас үшін тұмауды жоюды ұсынды.
Бұған дейін Билл Гейтс пандемия болашақта тек табиғи жолмен пайда болмай, оны биотеррористер қолдан жасауы мүмкін дегенді айтқан болатын. Оның ойынша, адамзат аурулармен күрес жүргізу үшін технологиялық даму салаларына қаражат бөлуі тиіс.
Табиғат Нұрболат