"Билл Гейтс пе, әлде Илон Маск па": Депутат ТЖ кезіндегі құлақтандыру жүйелерінің жұмысын сынға алды

412

Мәжілісте байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды. 

"Билл Гейтс пе, әлде Илон Маск па": Депутат ТЖ кезіндегі құлақтандыру жүйелерінің жұмысын сынға алды Фото: inbusiness.kz

Мәжілісмен Сергей Пономарев Алматыдағы зілзала кезінде құлақтандыру жүйелерінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеше Алматыда болған зілзала азаматтарды құлақтандыру жүйелерінің жұмысының олқылығын айқын көрсетті. Алматыдағы күшті дүмпулер еліміздің бірқатар өңірінде, Өзбекстан мен Қырғызстанда да сезілді. Google Android арқылы бұл туралы алматылықтарға хабар жіберген екен. Неге екені белгісіз, біз ақпаратты ұлттық операторларымыз бен ТЖМ-нен алудың орнына, халықаралық сервис арқылы алдық. Тиісінше, келесі сұрақ туындап отыр. Төтенше жағдай кезінде біздің жағдайымызды кім ойлауы тиіс? Билл Гейтс пе, әлде Илон Маск па? Біздің құлақтандыру жүйесіне не болған? Байланыс каналдары неліктен уақытылы жұмыс істемеді? Екатерина Васильевна, бұл заң жобасы аясында қандай да бір шешім таба аламыз ба?", - деді депутат.

Депутат Екатерина Смышляева осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

"Бізде ақау белгіленді. Қазір оған кім кінәлі екені туралы мәселе қаралып жатыр деп ойлаймын. Ақпарат көзі уақытылы мәліметті жолдамаған немесе кей жерлерде құлақтандыру жүйесі қосылмаған шығар. Бүгінгі таңда, қолданыстағы заңда байланыс операторының қысқа хабарламаларды жіберу бойынша міндеттері бар. Алайда, қысқа хабарламаларды жіберу бойынша мерзімде шектеу жоқ. Олар сол күн ішінде жіберілуі мүмкін дегендей. Тиісінше, біз бұл жағдайды қайта қарастырып, шұғыл хабарламалар немесе хабарламаларды бірден жіберу ұғымын енгізудің қажеттігін көріп отырмыз", - деп түсіндірді Смышляева.

Оның сөзінше, төтенше жағдай кезінде хабарламалар қысқа әрі барлық пайдаланушыға тез жіберілуі тиіс.

"Сол себепті, бұл заң жобасы аясында және осы міндеттеме бойынша жұмыс жүргізуге болады. Екіншіден, қазіргі таңда жіберілімдердің кең көлемде хабар тарату технологиялары бар. Олар өнеркәсіптік эксплатуацияға енгізілмеген, тек пилот ретінде ғана қолданылды. Бұл технология бойынша да жұмыс істеуге болады", - деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу