Билл Гейтс вакциналар көктемге қарай қолжетімді болатынын айтты

581

Әзірге Британия бірінші болып Pfizer-BioNTech вакцинасын тіркеді.

Билл Гейтс вакциналар көктемге қарай қолжетімді болатынын айтты

Microsoft компаниясының басшысы Билл Гейтс 2021 жылдың көктеміне қарай алты компанияның коронавирусқа қарсы вакциналары қолжетімді болады деп топшылады. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады.

Оның айтуынша, келесі жылдың бірінші тоқсанында AstraZeneca, Johnson & Johnson, Novavax, Pfizer-BioNTech, Moderna компанияларының екпелерін жаппай қолдануға рұқсат беріледі. Гейт препараттардың дамыған және дамушы елдерге бірдей көлемде үлестірудің маңызды екенін және вакцина 2022 жылға дейін індетті еңсеруге зор септігін тигізетінін жеткізді. 

AstraZeneca, Pfizer-BioNTech, Moderna компаниялары өз екпелерін тіркеуді бірнеше апта бұрын бастап кетті.Британия бірінші болып Pfizer-BioNTech вакцинасын тіркеді. Novavax сынақтың нәтижесі бойынша 56 еріктінің вирусқа қарсы антиденесі пайда болғанын мәлім етті. Johnson & Johnson компаниясы да қазір екпенің тиімділігін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: voanews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу