Билли Джин Кинг кубогы: Зарина Диас Жапониямен өтетін матчқа қатысады

312

Қазақстан теннис федерациясы аталған матчқа қатысатын құрамды жариялады.   

Билли Джин Кинг кубогы: Зарина Диас Жапониямен өтетін матчқа қатысады Фото: ktf.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Токиода Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сатысында Жапония командасымен ойнайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Юрий Щукин бастаған бапкерлер құрамының таңдауы мына ойыншыларға түсті: Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағындықова.

З.Диастың көптен бері теннис додаларына қатыспағаны белгілі. Жапониямен бәсеке Ariake Coliseum аренасының хард төсенішіндегі кортында өтеді. Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады, үш сеттік форматта болады.

Токиода Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина өнер көрсетпейді. Биыл жазда Парижде олимпиада ойындары өтеді. Құраманың бапкерлік штабы Еленаның төрт жылдағы ең басты жарысқа мұқият дайындалып, нағыз бабында баруы үшін Жапониямен матчқа шақырмауды құп көрді. Елена үшін олимпиада ойындарында бақ сынау аса маңызды болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу