Binance Қазақстанда банк ашатын болды

262

Бұл туралы Central Asia Fintech Summit 2026 форумында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.  

Binance Қазақстанда банк ашатын болды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда 2026 жылдың қазан айынан бастап төлем ұйымдарының бірінші санатына лицензия беру басталады.

Жаңа ұйымдар клиенттерге банкке ұқсас төлем қызметтерін ұсына алады: шот пен карта ашып, ақша аударымдарын жүргізеді. Алайда несие беруге және депозит қабылдауға құқығы болмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, нарыққа жаңа ойыншылардың шығуы төлем саласындағы бәсекені күшейтіп, аударымдардың құнын төмендетуге және жаңа қаржылық өнімдердің пайда болуына мүмкіндік береді.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленовтың айтуынша, Қазақстанда банктік емес төлем ұйымдары шамамен 10 жылдан бері жұмыс істейді. Бірақ олардың қызметіне бірқатар шектеу қойылған. Бірінші санаттағы жаңа төлем ұйымдары бұл мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Олар:

  • төлем карталарын өз бетінше шығара алады;
  • клиенттерге шот аша алады;
  • электронды ақша шығара алады;
  • ұлттық төлем жүйелеріне қосыла алады;
  • бірыңғай QR арқылы төлем қабылдай алады;
  • трансшекаралық төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізе алады;
  • заңды тұлғаларға банктің қатысуынсыз тікелей қызмет көрсете алады.

Яғни, мұндай ұйымдардың клиенттері тауарлар мен қызметтерге төлем жасап, бірыңғай QR пайдаланып, басқа банктердің клиенттеріне ақша аудара алады. Соған қарамастан, бірінші санаттағы төлем ұйымдары толыққанды банк болмайды. Оларға депозит тартуға және несие беруге тыйым салынады. Бұл қызмет түрлері тек банк қызметі ретінде қала береді.

Бинұр Жаленовтың айтуынша, қазірдің өзінде 13 компания жаңа лицензия алуға қызығушылық білдірген. Олардың арасында халықаралық криптовалюта компаниялары да бар. Мысалы, Binance компаниясымен Қазақстанда төлем ұйымын құру жөнінде меморандум жасалған.

Жоба тек Қазақстан нарығына ғана емес, Орталық Азия, ТМД және Шығыс Еуропа елдеріне қызмет көрсетуге бағытталуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу