"BINCLOUD" бағдарламасы деген атауы бар қаржы пирамидасын құрғандар "WhatsApp" және "Telegram" мессенджерлері арқылы адамдардан ақша жинаған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламаға сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.
Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.
Айта кету керек, пирамиданың басты міндеті – жаңа қатысушыларды тарту. Әдетте, пирамида құрылтайшысы айтарлықтай ақша қаражатын жинап, төлемдерді тоқтатады және барлық ақшамен жоғалады.
Егер сіз "BINCLOUD" бағдарламасына қатысып, зардап шексеңіз, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.