Биньямин Нетаньяхуға қатысты қылмыстық тексеру басталды

732

Биньямин Нетаньяхуға қатысты қылмыстық тексеру басталды

Израильдің бас прокуратурасы  республикалық полицияға елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты қылмыстық тексеруді бастауға рұқсат берді. Бұл туралы  жергілікті телеарнаға сілтеме жасап РБК жазып отыр.

Телеарнаның ақпараты бойынша, Израильдің бас прокуроры Авихай Мандельблит осылайша  үкімет басшысын тоғыз айдан бері тексеріліп жатқан іс бойынша тергеуге шақыруға рұқсатын етті. Нетаньяхуға қандай кінә қойылып отырғаны  айтылмайды, десек те бір-біріне еш байланысы  жоқ "негізгі және екінші кезектегі" екі айыптау  бар.

Independent атап өткендей,  премьер пара алу және алаяқтық ісі бойынша тергеледі.

Тергеу шаралары "жақын күндері" нақтыланбақшы, деді телеарнаға дереккөз.

Шілде айында израильдік БАҚ Израильдің бас прокуроры Биньянмин Нетаньяху фигурант болып табылатын іс бойынша тексеру жүргізуге тапсырма алғанын мәлімдеді. Haaretz басылымы сілтеме жасаған елдің әділет министрлігінің мәлімдемесінде бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс екені айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу