Биологиялық қауіпсіздік үшін біріздендірілген жүйе құрылады

962

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қатысты баяндама жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Биологиялық қауіпсіздік үшін біріздендірілген жүйе құрылады

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова құжат 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленгенін айтты. 

"Заң жобасы Қазақстан Республикасыда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында біріздендірілген жүйе құруды көздейді. Басты мақсат – халықты және жануарларды өсімдіктер мен қоршаған ортаны қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен қорғау", – деді депутат. 

Комитет төрағасының сөзінше, заң жобасын іске асыру үшін 2022-2024 жылдарға 25,5 млрд теңге қажет. 

"Қаражат зертханалық базаны жетілдіруге, биологиялық қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауға және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық жүйе құруға жұмсалады. Сонымен қатар потогенді бірінші және екінші топтардағы биологиялық агенттермен қатар мамандарды оқытуға пайдаланылады", – деді мәжілісмен. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу